EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
Білім жаңалықтары

«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ: БІРГЕ ӨСЕМІЗ» ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ

№141 жалпы білім беретін мектепте «Отбасы күніне» арналған «Отбасы – тәрбие бастауы» атты апталық аясында 5-сынып оқушылары мен ата-аналар арасында «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды.

Қызықты да тартысты өткен эстафета барысында әр отбасы өздерінің татулығын, ұйымшылдығын, шапшаңдығын және спортқа деген қызығушылығын көрсете білді. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.

БАС ЖҮЛДЕ

5 «Ғ» сыныбы, «Қыран» тобы – Ержановтар отбасы

І ОРЫН

5 «Ә» сыныбы, «Сұңқар» тобы – Жұмаділовтар отбасы

ІІ ОРЫН

5 «А» сыныбы, «Бірлік» тобы – Жолдықұловтар отбасы

5 «В» сыныбы, «Береке» тобы – Әбдікаримовтар отбасы

ІІІ ОРЫН

5 «Б» сыныбы, «Жалын» тобы – Бақытовтар отбасы

5 «Г» сыныбы – Ақжоловтар отбасы

Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасы – жылулықтың мекені, татулықтың тірегі, тәрбиенің бастауы.

Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлігі – жарқын болашақтың кепілі!

 

 

Ұқсас мақалалар

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге

redaktor

«WorldSkills Zhetysu 2026» жас мамандар шеберлігінің жарқын көрінісі

admin_el_nazar

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін

redaktor