EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы

Материал жіберу

admin_el_nazar

Құрметті оқырмандар, ұстаздар!

Республикалық «Ел-назар» педагогикалық журналының редакциясы сіздерді білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, озық тәжірибе мен тың идеяларды көпшілікке ұсынуға шақырады. Журнал бетінде педагогтердің ғылыми-әдістемелік ізденістері, жаңашыл сабақ үлгілері, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану жолдары, инклюзивті білім беру бағытындағы нәтижелі тәсілдер, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зерттеу жұмыстары жарияланады.
«Ел-назар» журналы – тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және білім сапасын арттыруға бағытталған ашық алаң. Егер сізде авторлық әдістеме, тиімді құралдар, жобалар, тәжірибелік нәтижелер немесе оқушы жетістігін арттырған тың тәсілдер болса, біз сіздің жұмысыңызды оқырманға жеткізуге дайынбыз.
Сіздерді педагогикалық қауымдастықтың дамуына үлес қосуға шақырамыз!

Қолжазбаның құрылымы

Қолжазба төмендегі құрылым бойынша рәсімделуі тиіс:
1. Автордың фотосуреті – JPEG форматында.
2. Автор туралы мәліметтер – автордың аты-жөні, жұмыс орны немесе оқу орны көрсетіледі
(қаріп өлшемі – 12, курсив, мәтін сол жаққа тураланған).
3. Ғылыми жетекші туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда) – аты-жөні, жұмыс орны,
лауазымы.
4. Қолжазбаның атауы.
5. Журналдың бөлімі және ішкі бөлімі (оқушылар жұмыстары үшін міндетті түрде көрсетіледі).
6. Аннотация (абстракт) – қолжазба жазылған тілде және ағылшын тілінде беріледі
(қаріп өлшемі – 12, курсив, мәтін ені бойынша тураланған).
7. Түйін сөздер – аннотациядан кейін беріледі
(қаріп өлшемі – 12, курсив, мәтін ені бойынша тураланған).
8. Қолжазба мәтіні
(қаріп өлшемі – 14, мәтін ені бойынша тураланған).
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
— Мәтін ішінде дереккөздерге сілтемелер шаршы жақшада беріледі және мәтінде алғаш кездесу
ретімен көрсетіледі.
— Әдебиеттер тізімі мына мәліметтерді қамтуы тиіс:
автордың тегі және аты-жөнінің бас әріптері; мақаланың атауы; журналдың атауы (журнал
мақалалары үшін); кітап/журнал атауы; басылған орны мен баспасы (кітап үшін); шыққан
жылы; нөмірі; беттері.
10. Фотосуреттерді ұсыну тәртібі
• Фотосуреттер мәтін ішінде орналастырылуы тиіс;
• Сонымен қатар қосымша түрде JPEG форматында жеке файл ретінде бөлек жіберіледі.
Ұсынылатын материалдар төмендегі техникалық талаптарға толық сәйкес болуы тиіс:
• Мәтін көлемі: суреттерді, кестелерді, фотосуреттерді қоса есептегенде 5 беттен аспауы керек.
• Бет форматы: A4.
• Өрістер (поля): барлық жағынан 25 мм.
• Абзацтық шегініс: 1,25 см.
• Жоларалық интервал: 1 (бірлік).
• Қаріп: Times New Roman.
• Қаріп өлшемі (кегль): 14.
Суреттер, фотосуреттер, диаграммалар:
• Мәтінде алғаш аталу ретіне сәйкес нөмірленіп берілуі тиіс.
• Әр сурет/фото/диаграмманың төменгі жағында 12 кегльмен түсіндірме жазылады
(мысалы: Сурет 1 – …).
• Материалға мәтін мазмұнына үйлесімді енгізілуі қажет.
• Белсенді қызметті, тәжірибелік әрекетті көрсететін фотосуреттер құпталады.
Кестелер:
• Кестелер де мәтінде алғаш кездескен ретіне сәйкес нөмірленеді.
• Әр кестенің жоғарғы жағында 12 кегльмен атауы көрсетіледі (мысалы: Кесте 1 – …).

Мақала жариялау үшін байланыс телефон нөмірлері: 8 705 4047853, 8 777 9654937