EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы

Редакция саясаты

admin_el_nazar

Біздің басты бағытымыз мемлекетіміздің іргетасы іспетті білім саласына айрықша көңіл бөліп, ұстаздар қауымының еңбегін дәріптеу. Сондай-ақ оқушылардың танымын арттыратын әдебиет пен мәдениетті, өнерді өрістетіп, халқымыздың салт-дәстүрлерін жаңғырту. Педагог мәртебесін көтеру, олардың арасында өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға ықпал ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға қал-қадірімізше үлес қосу.

Кез келген педагогтің қоғамға деген пікірін, әріптестеріне деген ыстық ықыласын жариялаймыз. Халқымыздың ұлттық айшықтары, салт-дәстүрлері, құндылықтары, жәдігерлері туралы да жиі қалам тербейміз.

Әділетті Қазақстанның Адал азаматтарын тәрибиелейтін барша педагогтердің еркін ой-пікір, озық тәжірибелер, ғылыми зерттеулер алаңы – «Ел-назар» республикалық педагогикалық журналы. Ұсынылатын материалдар журналдың келесі айдарларының біріне сәйкес болуы тиіс:
1. Білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігі (инновациялық жобалар, іс-әрекетті
зерттеу, тәрбие жүйесінің моделі, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы, ауыл
және қала мектептерінің тәжірибесі, мектепішілік іс-шаралар)
2. Тәрбие тиегі (тәрбие жұмысы және рухани-адамгершілік құндылықтар, ұлттық
тәрбие, патриоттық тәрбие, буллингтің алдын алу, сынып сағатының үздік үлгілері,
дебат клубының жұмысы, оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту)
3. Ұстаз әдістемесі (авторлық бағдарламалар, жаңартылған білім мазмұны
бойынша тәжірибе, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, саралап оқыту әдістері,
критериалды бағалау, инклюзивті білім беру тәжірибесі)
4. Мұғалім мінбері айдарын педагогтер өздерін толғандырған ой пікірлерін, еркін
үлгіде, мақала ретінде жарилай алады.
5. Оқышылар шығармашылығы.Өлең, әңгіме, мақалалар.
6. Ілтипат. Мұғалімдер әріптестері туралы жылы лебіздерін жариялай алады.
7. Ақпарат ағыны. Білім беру ұйымдарында өткен маңызды шаралар туралы
мақалалар.

Республикалық «Ел-назар» педагогикалық журналына мақала жариялау үшін қойылатын талаптар:

Мақалада мақала тақырыбы, автор көтерген мәселенің өзектілігі, зерттеу нысаны, алынған нәтиже, өз тәжірибесінің ғылыми негіздері, оның білім беру ұйымында тәжірибеден өткен кезіндегі жетістіктері, жаңашылдығы туралы мәліметтер қамтылуы керек. Түпнұсқалығы этика нормаларына сай, логикалық сабақтастық, тұжырымдар, мақаланың тілдік және стилистикалық сапасы болы маңызды.