EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
Жаңалықтар

ТАҒАЙЫНДАУ

Белгілі ақын Жангелді Немеребай қызметке тағайындалды

     Бүгінге дейін “Талдықорған әуендері” фольклорлы-этнографиялық ансамлінің көркемдік жетекшісі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының және Жетісу облыстық Д.Рақышев атындағы филармонияның редакторы, Жетісу облыстық Халық шығармашылығы орталығының әдіскері, С.Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханасының менеджері сияқты мәдениет саласындағы қызметтермен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысы бойынша төрағасы лауазымдарын абыроймен атқарып келе жатқан ақын бұдан былай Жетісудағы өнердің қара шаңырағы —Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі директоры Мейіргүл Тұрысбектің шешімімен директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарады.  Марапаттары: “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері,
ҚР “Мәдениет саласының үздігі”, Қазақстан және ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше жыр жинақтарының авторы, Республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің Мәдениет және Өнер факультетін тәмәмдаған.

Ұқсас мақалалар

Ауқымды шарадағы ұландық жауынгерлер

redaktor

Физика сабағында заманауи әдіс-тәсіл элементтерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру

admin_el_nazar

Экономика «платформ»: как маркетплейсы меняют структуру малого и среднего бизнеса в Казахстане

admin_el_nazar