EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
Ата-анаға кеңес

«Мен жастарға сенемін»: сенім артылған ұрпақ жауапкершілігі

Ұлттың болашағы – оның жастарының қолында. Алайда елдің ертеңін қалыптастыру үшін тек білімді ұрпақ тәрбиелеу жеткіліксіз. Біліммен қатар адамгершілік, мінез, жауапкершілік пен азаматтық ұстаным да қатар қалыптасуы тиіс. Сондықтан бүгінгі тәрбие жүйесінің басты сұрағы – жастарға не үйретеміз ғана емес, қандай тұлға қалыптастырамыз деген мәселе.

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ағартушылық бағыты аясында өтіп жатқан «Мағжан айлығы» шеңберіндегі кезекті кездесу «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың әдеби және педагогикалық мұрасы арқылы жастардың рухани дүниесін байыту, тұлғалық дамуына ықпал ету және азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Іс-шараны оқу орны басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Дәлелқызы ашып, кездесудің тәрбиелік маңызына тоқталды.

Кездесуде Бірлестіктің Алматы филиалындағы басшысы М.Мәулетқызы  ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі жас ұрпаққа артқан үміті мен сенімі кеңінен талқылады.

«Мағжан жастарды елдің болашағын қалыптастыратын, ұлт рухын көтеретін күш ретінде таныды. Ақынның сенімі бүгінгі жас ұрпаққа білімді, қайратты, адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат болу міндетін жүктейді», — дей       келе ақын өлеңіндегі тәрбие, адамгершілік, мінез және тұлғалық қалыптасу мәселелерін бүгінгі өмірмен сабақтастырыла жеткізді. Студенттерге біліммен қатар ішкі мәдениетті, өзіне және өзгеге құрметті, саналы таңдау мен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.

Кездесу барысында жастар өз ойларын ортаға салып, ақын мұрасының бүгінгі қоғамдағы өзектілігі жөнінде пікір алмасты.

Кездесу нәтижесінде студенттер пікір білдіріп, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын азаматтық ұстанымды  нығайту керек екенін түсінгендерін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Баланың бөтені жоқ

redaktor

Бәрі – сен үшін, жас ұрпақ!

redaktor

Тәрбиелі қыз – саналы ұрпақтың бастауы

redaktor