EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
Жаңалықтар

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

    2025 жылғы 22 қазанда 8 «Б» сынып оқушылары «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің “ASTANA POLYTECHNIC” жоғары колледжіне экскурсияға барды.

      Экскурсияның мақсаты – оқушыларды болашақ мамандықтармен таныстыру, техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің жұмысымен жан-жақты таныстыру, сондай-ақ еңбексүйгіштікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу. Саяхат барысында оқушыларға колледжде даярланатын мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Атап айтқанда, машина жасау, құрылыс, электрмен жабдықтау, ақпараттық жүйелер, байланыс технологиялары, дәнекерлеу ісі, автокөлік жөндеу, графикалық дизайн сияқты түрлі сұранысқа ие техникалық бағыттар таныстырылды.

           Бұл экскурсия оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, олардың болашақта таңдауы мүмкін мамандықтар жөнінде нақты түсінік алуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, техникалық салалардың қоғамдағы маңызы, еңбек нарығындағы рөлі және осы мамандықтарды меңгерудің артықшылықтары түсіндірілді.

Біржанқызы Әйгерім

Ұқсас мақалалар

«Абай бол» командасы – қалалық дебат турнирінің жүлдегері

redaktor

Дуальды оқыту негізінде өндірістік практика және жұмысқа орналастырудың сабақтастығын қамтамасыз ету

admin_el_nazar

Мектеп тәжірибесінде Абай мұрасын жаратылыстану пәндерімен кіріктіріп оқытуда жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолдары

admin_el_nazar