EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
ЖаңалықтарМектеп тынысы

«Абай бол» командасы – қалалық дебат турнирінің жүлдегері

  Астана қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының» 8-сынып оқушыларынан құралған «Абай бол» командасы оқушылар арасында пікірталас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің қалалық кезеңіне қатысып, қазақ лигасы бойынша ІІІ орын иеленді.

   Команда құрамында Батырханқызы Шынар, Арғымбай Балжан және Сапархан Інжу өнер көрсетті. Оқушылар сайыс барысында өз ойларын жүйелі жеткізіп, нақты дәлел келтіру, қарсы пікірге жауап беру, сыни ойлау және шешендік шеберліктерін танытты.  Команда жетекшілері – Әйгерім Біржанқызы және Нұрболат Нұрланұлы. Жетекшілердің жүйелі дайындығы мен оқушылардың ізденісі нәтижесінде команда қалалық кезеңде жүлделі орынға қол жеткізді.

    «Абай бол» командасын жеңісімен құттықтап, алдағы пікірсайыс додаларында жаңа жетістіктер тілейміз! 

Ұқсас мақалалар

Ауқымды шарадағы ұландық жауынгерлер

redaktor

Инновациялық мәдениетті қалыптастыруда педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету ортасын жетілдіру

admin_el_nazar

ҚАРТТАРЫМЫЗДЫ ҚАДІРЛЕЙІК, ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ!

redaktor