EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
ЖаңалықтарМектеп тынысыМұғалім мінбері

Инновациялық мәдениетті қалыптастыруда педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету ортасын жетілдіру

Инновациялық мәдениетті қалыптастыруда педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету ортасын жетілдіру

Ибраева Турсынхан Жанаткановна,
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері,
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ,
Талдықорған қаласы, Жетісу облысы

Инновациялық мәдениет – педагогтің кәсіби қызметінде жаңа идеяларды қабылдау, тәжірибеде қолдану және рефлексия жасау қабілетін сипаттайтын кешенді ұғым. Ғылыми көзқарас тұрғысынан инновациялық мәдениет педагогтің кәсіби құзыреттілігімен, зерттеушілік дағдысымен және шығармашылық әлеуетімен тығыз байланысты. Педагогтің кәсіби дамуы — қолдау көрсету ортасы арқылы жүзеге асады. Мұндай орта педагогтердің тәжірибе алмасуына, әдістемелік ізденісіне және инновациялық бастамаларын іске асыруына мүмкіндік береді.
Сабақты зерттеу (Lesson Study) – инновациялық мәдениетті дамыту құралы
«Мінсіз мектеп» бағдарламасы бойынша мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстың инновациялық қызметінің бағыты, құрылымы және жоспары құрылып, жүзеге асырылуда. Мектептегі инновациялық қызмет — жаңашылдықтар мен инновациялық үдерістерді игерудің мəнін ашуға, мұғалімдердің педагогикалық идеяларын іске асыруға, əзірлеуге жəне жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруға ықпал етіп отыр. Соның ішінде Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық үрдіс.
Мектеп бойынша Сабақты зерттеу үрдісі бастауыш және орта және жоғары буында барлық пәндер аясында қолданылды. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір педагогикалық тәсілді\стратегияны, оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игеретінін зерттеді.
Мектеп бойынша инновациялық мәдениеті мен қызметтін ұйымдастыру барысында мектепішілік бұйрықпен 19 сабақты зерттеу топтары құрылды. Олардың қатарына әкімшілік мүшелері, мектеп тренерлері, деңгейлік курстан өткен ұстаздар, ӘБ жетекшілері, жас мамандар кірді. Бұл ұжымның 77.7 пайызын кұрайды. Сабақты зерттеу (LS) өзін — өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде бірлесе жоспарлаудың, тәжірибеде туындаған мәселелерді бірлесе шешудің, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылаудың үздіксіз даму мүмкіндігін беретіндігіне күн сайын көз жеткізудеміз.
Зерттеу жұмысына кәсіби оқыту әдісін енгізуге бейіні бар мұғалімдер (сауалнама, социограмма) іріктелініп алынып, топ құрамынан модератор болып тәжірибелі мұғалімдер іріктелді. Әр топтың зерттеу сұрақтары, қолданылатын стратегиялары, күтілетін нәтижелерін анықтап, топ мүшелерімен отырыс барысында Неге оқытудың әдістерін зерттеу керек? Қалай жүзеге асырамыз? Ол үшін не істеуіміз керек? Осы срақтарға жауап бере отырып, жүйелі зерттеу, іздену жұмыстары ұйымдастырылды. Жинақталған деректерді сараптап, «Сүзгіден өткізу» әдісі арқылы зерттеу сұрақтары анықталып, топтастырып, жұмыс жоспарлары нақтыланды.
Саралау жұмыстарын жүргізу барысында Зерттеу сұрағының түрлері топтастырылды:
— сипаттамалық (Оқушылар мұғалімнен қаншалықты жиі көмек сұрайды?);
— өзара байланыстырушы (Оқушылардың эмоциялық интеллект деңгейі мен өзін басқара білу қабілеті арасындағы байланыс қандай?);
— салыстырмалы (Адал немесе авторитарлы көшбасшы кезінде команда жұмысының айырмашылығы қандай?);
— себеп-салдарлы (Белсенді стратегияларды қолдану оқушының қызығушылығын арттыруға қалай әсер етеді?).
Сабақты зерттеу топтары келесі бағыттарды жүзеге асырды:
— Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндіктерін анықтап алды;
— Әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушы анықталды;
— Жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтар таңдалды;
— Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді нақтыладық;
— Оқыту әдісін қолдануды назарда ұстай отырып, сабақтың әр кезеңі жоспарланды;
— Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетініміз болжанып бақылау парағына жазылды. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (А,В,С оқушыларды) қадағалайтыны келісілді;
— Сабақ барысында қолданылатын ресурстар қалай қолданылатындығы дәл анықталды;
— Lesson Study топтары зерттеу жұмысын аяқтаған соң оқушылардың пікірін, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды;
— Зерттеу сабақтан кейін бірден жиналып, топ мүшелері Lesson Study-ден кейінгі жетістікті, жіберілген кемшілікті, оны жою жолдары қарастырылып талқыланды. Бекітілген жоспарға сәйкес жыл бойы «Сабақты зерттеу» топтарының біріккен сабақтары арқылы оқыту мен оқу үдерісіндегі мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында зерттеу сабақтары жүргізіліп, талдау, толықтыру, нәтижеге жетуде кездескен кедергілерді шешу жолдары қарастырылып отыр.
Мектеп тренері әр топ модераторлары мен топ мүшелерімен кездесулер ұйымдастырып, кәсіби қолдау жұмысы ұйымдастырылды. Жаңадан топқа қосылған ұстаздар үшін сұрақтар қоя отырып, сабақты зерттеудің қадамдары/алгоритмі түсіндіріліп, кәсіби қолдау жұмыстары жүргізілуде.Атап айтса:
— Зерттеу сұрағы қалай жасалады?
— Зерттеу тақырыбын таңдаңыз;
— Таңдаған тақырыбыңыз бойынша алдын ала зерттеу жүргізіңіз;
— Таңдаған тақырыбыңыз бойынша “қалай” және “неге” деген ашық сұрақтар қойыңыз;
— Әртүрлі типтегі сұрақтарды ойластырыңыз;
— Өз аудиторияңызды зерделеңіз;
— Ең жақсы сұрақты таңдаңыз т.б.
Зерттеу сабақтарды талқылау кезінде оқушылардың мысал мен дәлел келтіруді ажырата алмауы, қорытынды жасауға, тұжырымдап сөйлеуге әлі де болса оқушыларды төселдіру керек екендігіне көзіміз жетті. Жоспарлау кезінде жиналған деректерді үнемі жаңғыртып, өзгерістер енгізіп отыру үнемі назарда. Ол үшін іс-шаралардың орындалуы тексеріліп, бағамдау жүргізілді. Жоспарға түзету енгізу белгіленген іс- шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызды. Мектеп қызметкерлерін, ата-аналарды, оқушыларды жетістіктермен, қажет болса, кездесетін кедергілермен үнемі хабардар етіп отырдық. Ол үшін мектептегі веб-сайттарды, мектеп бюллетенін, ашық есік күндерін, баспасөз парақтарын, БАҚ құралдарын пайдаландық.
Сабақты зерттеу нәтижесінде:
• Оқушылардың айтылым және тыңдалым белсенділігі артты;
• Мәселені шығармашылықпен, ізденушілікпен шеше алуға тырысады;
• Өз тұжырымын ұсынады және дәлелдей алады;
• Іс-әрекетіне жауап беру жауапкершілігі артты;
Сабақты зерттеу (LS) өзін — өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде бірлесе жоспарлаудың, тәжірибеде туындаған мәселелерді бірлесе шешудің, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылаудың үздіксіз даму мүмкіндігін беретіндігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Lesson Study — оқушыға білім берудегі ұтымды тәсілдерді жетілдіруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы. Атап айтса:
— «Lesson Study сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы-тәжірибедегі өзгерістер негізі» облыстық семинарына директордың оқу-тәрбие ісі (ғылыми-әдістемелік) жөніндегі орынбасары, мектеп тренері Т.Ж.Ибраева, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Г.С.Кудагельдинова «Тиімді сабақ, стратегияны таңдау және өзіндік талдау» тақырыбымен облыстық семинарда шебер сынып көрсетті. — — НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық форумда директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері Т.Ж.Ибраева жетекші мектептер арасында үйлестіруші ретінде «Сабақты зерттеуде бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау және оларды жариялауға қалай қол жеткізуге болады?» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Жетекші мектептердің негізгі де басымдық беретін қызметі – серіктес мектептерге қолдау көрсету. Жетекші мектептердің басты ұстанатын қағидаттары білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму.
Бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау үшін жұмыстың бағыттары, атқаратын міндеттері және бөлінген рольдерімен таныстырып, атқарылған жұмыс нәтижесін талдау арқылы, атқарған жұмыстың күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жасады. Құжаттау кезінде бірлескен жұмыстың тиімділігін анықтау барысында жасаған негізгі іс-әрекеттердің қысқаша сипаттамасына тоқтала отырып, не/қандай жұмыс сәтті болды?
«Жетекші мектеп-педагогикалық қоғамдастықтардың ынтымақтастық серіктестігінің итнеграторы» тақырыбында Жетісу облысы жетекші мектептерінің форумында Т.Ибраева шығармашыл тобымен (Курмангалиева С.А., Кудагельдинова Г.С.Тленчиева М.М.) тәжірибе таратты.
Республикасы білім беру мекемелерінің инновациялық озық тәжірибелерін қолдану арқылы мұғалімдер түрлі байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы ұстаздар үшін Сабақты зерттеу-тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Қорытындылай келе, инновациялық мәдениетті қалыптастыруда сабақты зерттеу мен іс-әрекетті зерттеу педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды ғылыми-әдістемелік құралдар болып табылады. Қолдау көрсету ортасында бұл әдістерді жүйелі қолдану білім беру сапасын арттыруға және педагогтің кәсіби әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Мектеп тәжірибесінде Абай мұрасын жаратылыстану пәндерімен кіріктіріп оқытуда жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолдары

admin_el_nazar

Дуальды оқыту негізінде өндірістік практика және жұмысқа орналастырудың сабақтастығын қамтамасыз ету

admin_el_nazar

«Жазу өнері: мәтін сыры және көркем ой» курсы арқылы 3-сынып оқушыларының жазылым дағдыларын дамыту әдістері

admin_el_nazar