EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
Ата-анаға кеңесПсихология және тәрбие

Мәшһүр мұрасындағы азаматтық ұстаным

         «Адамның қадірі – ақылында, ақылдың қадірі – арында» деген мазмұн Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниетанымының өзегін айқындайды. Ол қазақ қоғамына тек ақын ретінде емес, ойшыл, ағартушы, шежіреші әрі халықтың рухани ұстазы ретінде қызмет етті. Оның еңбектеріндегі адамдық философия – уақытпен шектелмейтін құндылықтар жүйесі. Сондықтан Мәшһүр мұрасын өткеннің ескерткіші ретінде емес, бүгінгі азаматтық сананы қалыптастыратын өмірлік бағдар ретінде қарастыру қажет. Дәл осы тұжырымды ой, айқын мақсат Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылдық округі кітапханасының оқу залында өткен дөңгелек үстелде кеңінен талқыланды. «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы филиалы ұйымдастырған басқосуға бірлестіктің ағартушылық бағыты негіз болды.
      Ауылдық әкімдіктің қызметкерлерлері, кітапханашылар мен аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысқан кездесуде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының материалдық игілік емес, рухани кемелдікке негізделген көркем ойлары талқыланды. Сұраныс пен сапа арпалысы, таным мен түйсік, уақыт феномені, жайлылық тұзағы сынды түйіндер арқылы ақынның адамдық жолы мен азаматтық өлшемі айтылды. Іс-шараға қатысушылар пікірлерін айтып, ой қосты.

     Ризвангүл Токарзаева, кітапханашы: Мәшһүр Жүсіп философиясының маңызды қыры – әр адамның өзінің әлеміне, болмысына деген жауапкершілік ұғымы екендігін түсіндік. Яғни әр адам өзіне, отбасына, халқына және Отанына жауапты болуы керек. Әсіресе қазіргі цифрлық дәуірде жайлылық тұзағы жайлы ұғымды жастарға тарқата жеткізу керек екен. Жалпы азаматтық ұстаным дегеніміз тек заңды сақтау немесе сайлауға қатысу ғана емес. Ол – қоғамдық мәселелерге бейжай қарамау, елдің болашағына үлес қосу, білімін халық игілігіне жұмсау, ұлттық құндылықтарды қорғау және ортақ мүддені жеке мүддеден жоғары қоя білу.

М.Маулина

Ұқсас мақалалар

Тәрбиелі қыз – саналы ұрпақтың бастауы

redaktor

Баланың бөтені жоқ

redaktor