EL-NAZAR Республикалық педагогикалық журналы
Білім жаңалықтарыЖаңалықтар

«WorldSkills Zhetysu 2026» жас мамандар шеберлігінің жарқын көрінісі

«WorldSkills Zhetysu 2026» жас мамандар шеберлігінің жарқын көрінісі

Гульзира Жұмагелдіқызы,
Талдықорған индустриялық колледжі

Талдықорған индустриялық колледжінің студенттері – үздіктер қатарында
Шеберлік пен білім сыналған байқау «WorldSkills 2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаттары бақ сынады. Жетісу облысы колледж студенттерінің кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде бағаланды. Жетісу облысында өткен «WorldSkills 2026» аймақтық чемпионаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. Аталған байқауға облыстағы колледж студенттері қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Чемпионаттың басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби шеберлігін дамыту, еңбек нарығына қажетті мамандықтарды насихаттау және халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Байқау барысында қатысушылар әртүрлі құзыреттіліктер бойынша білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.
Студенттер дәнекерлеу ісі, «Токарлық жұмыстар CNC станоктарында», «Газ шаруашылығындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі» құзыреттілігі бойынша мамандықтар сынға түсті. Қатысушылар теориялық біліммен қатар, практикалық тапсырмаларды орындауда өздерінің кәсіби дайындығын дәлелдей білді. Әр қатысушы уақытпен санаса отырып, сапалы әрі талапқа сай жұмыстар ұсынды.
Байқау нәтижесінде үздік өнер көрсеткен студенттер арнайы дипломдармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған жастардың жетістігі – олардың табанды еңбегі мен ұстаздарының кәсіби қолдауының нәтижесі.
Үш күнге созылған чемпионат барысында колледжіміздің 11 студенті 7 құзыреттілік бойынша бақ сынап, өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Жас мамандардың кәсіби шеберлігі мен таланты сынға түскен байқауда қатысушылар жоғары нәтиже көрсетіп, лайықты марапаттарға ие болды.
🌟 Колледж студенттері қатысқан құзыреттіліктердің нәтижесінде:
🔹 «Токарлық жұмыстар CNC станоктарында» құзыреттілігі бойынша
🥇І орын—Ужакин Глеб ,жетекшісі Арипполла Сиязбай Ерғалиұлы
🥈 ІІ орын — Холмовский Данил,жетекшісі Омарбеков Кайратжан Жакенулы
🔹 «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша
🥇 І орын — Царапин Дмитрий, жетекшісі Турарбеков Бақтияр Қанатұлы
🔹«Газ шаруашылығындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі» құзыреттілігі бойынша
🥇 І орын — Мұса Жаннұр , жеткшісі Хусаинова Дамира Асхатовна
🥉 ІІІ орын — Алексеев Мадияр, жеткшісі Бокенова Асель Бокеновна

«Біздің студенттердің жоғары нәтижелері кездейсоқ емес. Оның артында күнделікті еңбек, тәртіп және мамандыққа деген шынайы қызығушылық жатыр. Олардың жетістігі – жүйелі жұмыстың және нағыз кәсіби маман болуға деген зор ұмтылыстың нәтижесі», WorldSkills чемпионаты студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта білікті маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Осындай байқаулар арқылы жастар тәжірибе жинақтап, кәсіби тұрғыдан шыңдала түседі, – деп атап өтті колледж директоры Асет Казыевич Джумадилов

Талдықорған индустриялық колледж студенттері бұл чемпионатта өздерінің білімдері мен шеберліктерін дәлелдеп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл жетістік – техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуы мен жастардың болашағына жасалған маңызды қадам. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа белестер, шығармашылық табыс және жарқын жеңістер тілейміз!

Ұқсас мақалалар

«Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана»

admin_el_nazar

«Жазу өнері: мәтін сыры және көркем ой» курсы арқылы 3-сынып оқушыларының жазылым дағдыларын дамыту әдістері

admin_el_nazar

Баланың бөтені жоқ

redaktor